Германияда автокөлік бір топ адамды қағып кетті

Германияның Лейпциг қаласының орталығындағы жаяу жүргіншілер аймағында автокөлік топ адамды қағып кетті. Салдарынан екі адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды, деп хабарлайды DW.
Лейпцигтің обербургомистрі Буркхард Юнг (Burkhard Jung) екі адамның қаза тапқаны және бірнеше адамның зардап шеккені туралы ақпаратты растады.
Тағы екі адам ауыр жарақат алды, деп мәлімдеді Лейпциг өрт сөндіру қызметінің бастығы Аксель Шу (Axel Schuh). Оның мәліметінше, тағы 20 адам зардап шеккен.
«Жүргізуші ұсталды және қазіргі уақытта одан ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деп мәлімдеді Лейпциг полициясы.
Қазіргі уақытта бұдан өзге толық ақпарат жарияланған жоқ.
Жүргізуші Лейпциг орталығында жоғары жылдамдықпен жүрген. Оқиға Гриммайшештрассе сауда көшесінде болды. Басылымның полицияға сілтеме жасап жазуынша, кем дегенде сегіз адам жарақат алған.
Көліктің «өте жоғары жылдамдықпен зулап өткенін» жазды. Көліктің адамдарды қағу себептері белгісіз. Оқиға орнында оннан астам жедел жәрдем көлігі, құтқару тікұшағы және сот-медициналық сарапшылар мен тергеушілердің үлкен тобы жұмыс істеп жатыр. Қала ауруханалары зардап шеккендерді қабылдауға дайын.