Комитет төрағасы Данияр Мейрханға қатысты бір іс тоқтатылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Адвокат "непотопляемого" полковника Мейрхана раскрыла подробности скандала
Адвокат іске қатысты ақпарат бөлісті/фото: gov.kz

Қызметтен шеттетілген ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасы Данияр Мейрханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы адвокат Әлия Жаманбаева жазды.

Айтуынша, қырындау бойынша қылмыстық іс заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылды. 

«Бұған дейін «20 адам арызданды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қорғау тарапы ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді тарату заң бұзушылық екенін және жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді», – деп жазды адвокат.

Тағы бір жағдай ұялы телефон сатып алуға қатысты болып отыр. Мейрханның үстінен қол астындағы қызметкерге телефон алдырды деген арыз түскен. Адвокаттың сөзінше, құрылғыны Данияр Мейрхан өз қаражатына сатып алған. Тексеру жалғасып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Данияр Мейрханға қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Данияр Мейрханға қызметтік өкілетін теріс пайдаланғаны және қызметкерге тиіскені үшін іс қозғалған. Содан кейін Мейрхан қызметтен шеттетілді

Сондай-ақ оқыңыз