Мәсімовтің жыр болған самурай қылышы 1,5 млн теңгеге сатылды

Экс-премьер Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы аукционда 1 млн 587 млн теңгеге сатылды. Қазір түрмеде отырған бұрынғы шенеуніктің тарихи жәдігеріне үш адам таласты.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» (KUVA) әбден жыр болған самурай қылышын бесінші мәрте сатуға қойған. Электронды Sauda порталындағы аукцион 29 сәуірде ұйымдастырылды.
Аукциондағы бастапты бағасы 379 904 теңге тұратын қылышты сатып алуға үш адам өтініш білдіріп, бәрі саудаға қатысқан. Нәтижесінде жапон жәдігері бес есе қымбатқа сатылған. Мәсімовтің қылышын кім сатып алғаны белгісіз.
Дегенмен KUVA бұдан басқа да қымбат активтерді аукционда өткізе алмай жатыр. Мәселен, «Байсат» базары тағы да сатылмады. Ол мемлекет меншігіне – KUVA иелігіне осыдан шамамен екі жыл бұрын өткен. Оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды оны 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық тергеу барысында мемлекетке «ерікті түрде» қайтарған.
Өтпей жатқан жылжымайтын мүліктер арасында Green Village, «Париж кварталы» кешендерінде орналасқан бірнеше қымбат пәтер бар.