Мәскеудегі көп қабатты тұрғын үйге дрон құлады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Дом на Мосфильмовской
Дрон шабуылын зардап шеккен зәулім тұрғын үй Мосфильм ауданында орналасқан / фото: Яндекс

4 мамырға қараған түні Мәскеудің Мосфильм ауданындағы зәулім тұрғын үйге дрон құлады. Мәліметті мегаполис мэрі Сергей Собянин растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқышсыз ұшу аппараты Мосфильм ауданындағы ғимаратқа тиді. Ешкім зардап шекпеді. Оқиға орнында түрлі қызметтер жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады қала басшысы.

Mash телеграм-арнасының дерегінше, дрон 36-қабаттағы үш пәтердің қабырғаларын зақымдаған. Куәгерлердің айтуынша, биік ғимараттың қасбеті опырылып, үй маңындағы автокөліктердің үстіне құлаған. Мосфильм көшесінде сынған әйнек шашылып жатыр.

Дрондар шабуылын зардап шеккен зәулім тұрғын үй 2011 жылы салынған. Кешен екі биік ғимараттан тұрады. Оның үлкенінде 53, ал кішісінде 34 қабат бар. Тұрғын үй кешенінде 564 пәтер бар.

Сондай-ақ оқыңыз