Петропавлда Есіл өзені қауіпті деңгейден асты

Борки кентіндегі Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 8 см-ге көтерілген. Қауіпті деңгей – 940 см. Қазіргі көрсеткіш 993 см болып отыр.
Петропавловск.news ақпаратына қарағанда, өзеннің жоғары ағысындағы ауылдарда су деңгейі әлі де баяу көтеріліп келеді. Бұл өзеннің тасу қаупін көрсетеді.
Алайда 4 мамыр таңына қарай Сергеев су қоймасындағы тасқын су 81 см-ге дейін төмендеген.
Қазгидромет 2026 жылғы 4 мамыр сағат 08:00-дегі Солтүстік Қазақстан облысының су нысандарының жағдайы туралы дерек келтірді.
Оған қарағанда, қауіпті тежейтін жайттар да бар. Айталық, Шоптықкөл, Дружба, Сергеевка және тағы басқа ауыл маңдарында су деңгейі төмендеп жатыр. Бұл – жақсы белгі. Демек, бұл – ол жақта тасқынның шарықтау шегі өткен деген сөз.
Сергеев су қоймасындағы артық су азайып жатыр. Өзеннің төменгі ағысында кейбір жерлерде су деңгейі көтерілген. Бірақ бір қалыпты.
Қазіргі уақытта тасқын Петропавл арқылы өтіп жатыр.
Айта кететін жайт, Төтенше жағдайлар министрлігі Есіл өзенін Солтүстік Қазақстан мен Ресей шекарасына дейінгі бөлігін бақылауға алып отыр.