Санкт-Петербургтен Астанаға ұшатын тікелей әуе рейсі қайта жанданады
Жарияланды

«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады. Тұрақты рейстер 3 маусымнан бастап жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайы хабарлады.
«Рейстер эконом және бизнес класта Airbus A319 лайнерлерімен орындалады. Жазғы кесте бойынша ұшу жиілігі аптасына үш рет орындалады», – делінген хабарламада.
Ұшу кестесі мынадай:
- Астанадан ұшу: дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
- Санкт-Петербургтен ұшу: сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.
Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясы 31 мамырдан бастап Астана мен Үрімші қалалары арасында қатынайтын тікелей рейс ашқан еді.