Түркістан облысында 1 млрд теңгеге демалыс аймағы салынып жатыр

Түркістан облысында «Хантау» демалыс аймағының құрылысы жүріп жатыр. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы туристік орынға шамамен 1 млрд теңге құйылады.
Тау бөктерінде орналасқан демалыс аймағы бір мезетте 200-ден астам адамды қабылдай алады, деп хабарлады өңір әкімдігі. «Хантау» капсулалары ай сайын 20 мыңға жуық туриске қызмет көрсетеді.
«Жоба ішкі туризм мен кіру туризмін дамытуға серпін беріп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етеді», – деп есептейді облыс билігі.

Мәліметке қарағанда, инвестор көпір салып, алты шақырымға дейін электр желісін тартады.
«Khan Tau» капсула үйлері Түркістандағы өндіріс паркінде құрастырылады. Оны кәсіпкер Ниязәлі Бейсенбаевқа тиесілі «BNK Group» пен Shanding Camova қытай компаниясы бірлесіп шығарып жатыр.