Hyundai Grandeur-дің жаңартылған нұсқасы шықты. Не өзгерді

Hyundai компаниясы 2027 жылға арналған жаңартылған Grandeur моделін таныстырды. Техникалық сипаттамалары әзірге жарияланған жоқ, алайда рестайлинг көліктің дизайнына бірқатар өзгерістер енгізді.
Жаңартылған Hyundai Grandeur сәл ұзарған, оның ұзындығы 5 050 миллиметрге жеткен. Сондай-ақ бренд алдыңғы бампер мен радиатор торының сыртқы келбетін өзгертті. Артқы жарықдиодты жолақ болса, бұрынғыдан да жіңішкере түскен.

Салонда да айтарлықтай өзгерістер бар. Жаңа Grandeur Hyundai Pleos мультимедиялық жүйесімен жабдықталған, ол 17 дюймдік сенсорлы экранға ие. Соған қарамастан, салонда көптеген физикалық батырмалар сақталған. Седанда бұл жолы әдеттегі ауа желдеткіштері қарастырылмаған, ауа ағынын енді сенсорлы экран арқылы реттеуге болады.

Рестайлингтен өткен Hyundai Grandeur панорамалық шатырдың жарық өту деңгейін өзгерту мүмкіндігі бар алғашқы модель ретінде ұсынылды. Ол арнайы қаптамамен қапталған. Енді жүргізуші мен жолаушылар шатырдың жарық өткізу деңгейін аймақтарға бөліп реттей алады, яғни бір бөлігін толық жабуға, ал екінші бөлігін ашық күйде қалдыруға болады.

Жаңартылған седанның техникалық сипаттамалары әзірге жарияланған жоқ. Автокөлік ең алдымен Оңтүстік Кореяның ішкі нарығына шығады. Алдын ала тапсырыс беру 2026 жылдың 14 мамырында басталады.