
7 мамыр – Қазақстанда Отан қорғаушылар күні. 1992 жылы дәл осы күні еліміздің ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды. 2012 жылдан бастап бұл күн мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болып белгіленді.
Мереке қарсаңында ер-азаматтардың қажетіне жарайтын, көңілінен шығатын дүниелерді ұсынғымыз келеді. Назарларыңызға сыйлықтар тізімін ұсынамыз.
Технология және жұмысқа арналған сыйлықтар
Ноутбукке арналған тіреуіш үйде немесе кеңседе жұмыс істейтіндер үшін таптырмас сыйлық. Компьютердің қызып кетпеуін қадағалап, процессордың дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Сондай-ақ экранды көз деңгейіне қою арқылы арқа мен мойын ауруларының алдын алады.
Смартфонға тәуелді заманда кез келген адамға қажет зат – зарядтау құрылғысын да сыйлауға болады. Сонымен қатар стильді көрінетін чехол-зарядтағыштарды да қарастыруға болады.
Жайлылық пен денсаулық
Массаж немесе SPA сертификаты. Күйбең тіршіліктен шаршаған ер адамдар үшін керемет демалыс.
Жол жастығы. Саяхаттаудан бөлек, компьютер алдында жұмыс істегенде немесе түскі үзілісте ұйықтап алуға қолайлы.
Хобби және демалыс
Термос немесе спорттық бөтелке. Тауға серуендеуді жақсы көретін алматылықтар үшін немесе кеңседе салқын су ішіп отырғысы келетіндерге таптырмас сыйлық.
Моншаға арналған жиынтық. Киіз қалпақ, қолғап және эфир майлары кіретін жиынтық демалыстың сапасын арттырады.
Онлайн-кинотеатрға жазылым. Фильмдер мен спорттық трансляцияларды жоғары сапада көруге мүмкіндік береді.