«Арсенал» – «Атлетико» ойынын қайдан көруге болады

5 мамырдан 6 мамырға қараған түні Лондонда Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясындағы қарымта матч өтеді. Ағылшындық «Арсенал» өз алаңында Испанияның «Атлетико» командасын қабылдайды.
«Арсенал» – «Атлетико» кездесуінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады. Отандық жанкүйерлер ойынды Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Мадридте өткен алғашқы кездесуде қос команда жеңімпазды анықтай алмады – 1:1. Бұл маусымда екі ұжым да плей-офф кезеңінде мықты қарсыластарды қапы қалдырды:
«Арсенал»: Германияның «Байерін» (жалпы есеп 3:1) және Португалияның «Спортингін» (1:0) жарыс жолынан шығарды. Ал «Атлетико» голдарға толы серияларда бельгиялық «Брюггені» (7:4), ағылшындық «Тоттенхэмді» (7:5) және өздерінің басты қарсыластарының бірі «Барселонаны» (3:2) жеңіп кетті.