Астана әуежайы рейстерді не үшін қабылдай алмады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Астана әуежайы рейстерді не үшін қабылдай алмады / Фото: shutterstock

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана әуежайы рейстерді уақытша рейстерді қабылдай алмай, ұшақтар Қарағандыда қонуға мәжбүр болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі Kursiv.Media-ға жолдаған ақпаратқа сүйенсек, Астана халықаралық әуежайы техникалық себептерге байланысты уақытша ұшақтарды қабылдай алмай, оларды Қарағандыға бағыттап отырған.

«Өндірістік қажеттілікке және технологиялық үдерістің талаптарына байланысты жөндеу жұмыстары 1 сағатқа ұзартылды. Асфальт төсеудің технологиялық процесін сақтау мақсатында жұмысты сағат 19:00-ге дейін жалғастыру қажет болды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта рейстерді қабылдау қалпына келтірілген. Яғни сағат 19:00-ден бастап әуежай қалыпты режимді ұшақтарды қондыруда.

Айта кетейік, осыған дейін Астана халықаралық әуежайы алдағы жылдары жолаушыларға қызмет көрсету сапасы бойынша Skytrax рейтингінде әлемнің үздік 100 әуежайының қатарына кіруді жоспарлап отырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз