Астанада «Нұрлы жол» вокзалының маңында қозғалыс шектеледі
Жарияланды

Елордада жол жұмыстарын жүргізуге байланысты «Нұрлы жол» вокзалы ауданында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сафуан Шаймерденов көшесінің Жұмекен Нәжімеденов және Ахмет Байтұрсынов көшелерімен қиылысындағы учаскелер жабылады.
Шектеулер келесі уақытта күшінде болады:
- 5 мамыр сағат 19:00-ден 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін – Шаймерденов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысында;
- 6 мамыр сағат 19:00-ден 7 мамыр сағат 08:00-ге дейін – Шаймерденов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында.

«Жүргізушілерден маршруттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.