Бішкектегі автошоуда көлік бір топ адамды қағып кетті

Қырғызстан астанасы Бішкек маңындағы «Ганси» бұрынғы американдық авиабазасы ауданында өткен дрифт-шоу кезінде спорттық көліктің қатысуымен оқиға орын алды. Көлік көрермендерге басып кіріп, олардың бірін қағып кеткен, деп хабарлайды Kaкtus Media.
Орын алған жайт әлеуметтік желілерде тараған видеоның арқасында да мәлім болды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, басында бұл туралы милицияға хабарланбаған. Алайда кейінірек көлік пен жүргізуші табылып, Бішкек қаласы Бірінші май аудандық ІІБ-не жеткізілді.
Автомобиль айып тұрағына қойылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен адам жарақат алмаған.
Бішкек милициясы жылдамдыққа байланысты іс-шараларда қауіпсіздік басты басымдық болуы керектігін ескертті. Құқық қорғау органдары жүргізушілер мен қатысушыларды ережелерді сақтауға және мұқият болуға шақырды.