Елордалық дәрігерлер арнайы бортпен «Қазмырышта» зардап шеккендерге көмекке аттанды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Елордалық дәрігерлер арнайы бортпен «Қазмырышта» зардап шеккен жұмысшыға қарауға аттанды / Фото: Shutterstock

Жарылыс пен өрт кезінде денесін қатты күйік шалған «Қазмырыш» қызметкеріне көмектесу үшін Астанадан Өскеменге дәрігерлер барады. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорын республикалық деңгейдегі мамандарды тартты.

«Жақын арада Астана қаласының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері арнайы бортпен Өскеменге ұшып келеді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін елордалық мамандар жергілікті дәрігерлермен кеңес өткізіп, онлайн-кездесу барысында тараптар зардап шеккен жұмысшыны емдеу тактикасы мен оны құтқару бойынша іс-қимыл жоспарын келіскен.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр, сейсенбі күні таңертең Өскемен қаласының өндіріс аймағында орналасқан «Қазмырыш» компаниясы зауытында жарылыс болды. Цехтың 220 шаршы метрі опырылып түскен.

Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болған. Олардың туыстары азаматтардың қайтыс болғанын кеш естігендерін айтқан еді.

Жарылыстан зардап шеккен бес науқас: төрт ер азамат және бір әйел ауруханаға жеткізілген. Екі адам ауыр хәлде, бірінің беломырқасына зақым келген. Екінші азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз