Мемлекетке миллиардтаған шығын келтірген компанияның қалай әрекет еткені айтылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
лекарства в аптеке
Күдіктілер қылмыстық іс материалымен танысып жатыр / Фото: shutterstock

Қаржылық мониторинг агенттігі дәрі сату барысында мемлекетке 3,7 млрд теңге залал келтірген компанияны анықтады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, «Интерфармсервис» ЖШС Қазақстан аумағында Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеуге арналған дәрілік заттардың дистрибьюторы және жалғыз жеткізушісі болған.

Компания 5 жыл бойы дәріні елдегі медициналық ұйымдарға жеткізген.

«Бұл препараттарға өндіруші шекті сату бағаларын белгілеген. Алайда компания басшылығы заңсыз пайда табу мақсатында жеткізу тізіміне Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген өздеріне бағынысты компанияны қосып, сол арқылы жалған мәмілелер жүргізген. Осы схема арқылы препараттардың сату бағасы қымбаттаған», – делінген ақпаратта.

Салдарынан мемлекетке 3,7 млрд теңге залал келген.

Сондай-ақ тапқан табысқа салық төлеуден жалтару мақсатында компания басшылығы түрлі жеке кәсіпкерлермен жалған мәмілелер жасап, жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы қаражатты шығару схемасын ұйымдастырған. Салдарынан 4 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. 

«Компания 637 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған. Заңсыз баю нәтижесінде кәсіпкерлер 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 тұрғын үй сатып алған», – делінген ақпаратта.

Бұл мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы, үшінші тұлғаға қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының 66%-ға дейін қымбаттағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сондай-ақ оқыңыз