Өскемен әкімі Алмат Ақышов қала тұрғындарын сабырға шақырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев Қазмырыш зауытында
Өңір басшылары «Қазмырыш» зауытында жүр / фото: Instagram/Almat Akyshov

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев әлеуметтік желідегі парағына үндеу жариялап, қала тұрғындарын сабырға шақырды.

5 мамыр, сейсенбі күні таңертең Өскемен қаласының өндіріс аймағында орналасқан «Қазмырыш» компаниясы зауытында жарылыс болды. Дүмпу мен әуеге көтерілген түтін қала тұрғындарының зәресін алды.

Өндіріс орнындағы оқыс оқиғадан екі адам қаза болып, бес адам жараланғаны хабарланды.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев Қазмырыш зауытында
Әкімдер оқиға орнында жүр / фото: Instagram/Almat Akyshov

Өртенген зауытқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Өскемен басшысы Алмат Ақышев барды.

«Өрт сөндірілді. Тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Жедел штаб құрылды. Жағдай облыс әкімінің бақылауында. Тұрғындарды ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз», – деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парағына.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов зауыттағы жарылысты жеке бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз