Lifestyle

Қарақат Әбілдина тегін концерт көргісі келетіндерге таңғалды

Қарақат Әбілдина / фото: Instagram
Қарақат Әбілдина / фото: Instagram

Әнші Қарақат Әбілдина піскен асқа тік қасық болатын адамдардың көптігіне қайран қалды. Мұны өнер мен еңбекті бағаламау деп біледі.

Оның айтуынша, соңғы кездері тегін билет сұрағандардың қарасы көбейген.

«Таңғалып отырмын. Концертке тегін билет сұрап жан-жақтан хабарласып жатқандар өте көп. Біріншіден, қолымызда билет жоқ. Бәрі тикитон сайтында. Екіншіден, осындай да емес пе жақын екеніңді білдіріп, қолдайтын сәт. Өнер сатылмайды, бірақ оған жету үшін еңбек сатылады», – деп наразылығын білдірді әнші.

Қарақат Әбілдинаның айтуынша, концерт үлкен дайындықтың, уақыт пен маңдай тердің нәтижесі. Концертке билет алу – өнерге деген қолдау мен құрметтің белгісі.

«Осындай да әр елде өткен көнцертімізге залды толтырып, ақ тілегін жаудырып алыстан, жақыннан ағылып келген жақсы адамдарыма қалайша риза болмайсың?! Танымасам да, өнерімді құрметте келген әр қайсысыңызға басымды иемін. Алла разы болсыншы!» – деп билет алғандарға алғысын білдірді.

Мұның алдында Қарақат Әбілдина әкесін еске алып, жүрек тебірентер жазба қалдырған еді.