Қарағандыда алты соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден берілді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: gov.kz

Қарағанды облысының әкімдігі көзі тірі алты соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден біржолғы төлем берді. Бүгінде облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан алты ардагер тұрады: бесеуі – Қарағанды қаласында, біреуі – Осакаров ауданында.

Әкімдік мәліметінше, жалпы әлеуметтік қолдау шаралары өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғынына көрсетілді.

«Көмек алушылардың басым бөлігін тыл еңбеккерлері құрады. Облыста мұндай санаттағы 2029 адамға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалды», – деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар әлеуметтік қолдау келесі санаттағы азаматтарға да көрсетілді:

  • бұрынғы концлагерь тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден (33 адам);
  • қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен жесірлеріне – 50 мың теңгеден (89 адам).

Әкімдік ардагерлерге шипажай-курорттық емделуден өту мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Бұл шығындар жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

Айта кетейік, Қостанайда да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 5 млн теңгеден аударылды.

Сондай-ақ оқыңыз