Елдегі шетелдік университеттер Қазақстан тарихын, қазақ тілін оқытуға міндеттеледі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Shutterstock

Енді елдегі шетелдік жоғарғы оқу орындары «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндетті болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Депутат Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен аса маңызды норма қабылданғанын жеткізді.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында «Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары “Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі» пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді” деген норма бекітілді, деп жазды депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, ел аумағында ашылған шетелдік ЖОО-ның филиалдары мен шетелдік ЖОО-ға осы маңызды міндетті енгізген заң жобасы жуырда екінші оқылымға шығады.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025-2026 оқу жылының басында елдегі ЖОО-ларда 33,5 мың шетелдік студент оқыған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,7%-ға көп. Олардың басым көпшілігі ТүрікменстанҮндістанӨзбекстаннан келген

Сондай-ақ оқыңыз