Lifestyle

Ақбота Керімбекова сүйінші сұрады

фото: zvuk.com
фото: zvuk.com

Ақбота Керімбекова жақсы жаңалығын бөлісіп, немерелі болғанын жеткізді. Айтуынша, екінші немересі.

Қуанышы қойнына сыймай отырған әнші мұндай қызықты барша жандардың көргенін қалайтынын айтты.

«Менде сүйінші жаңалық бар. Шаңырағымызда кішкентай нәресте дүниеге келді. Былтыр Ақаным үйленген еді. Немерелі болып жатырмыз. Екінші рет әже болып жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір. Барлығыңызға осындай жақсылық бұйырсын! Немере сүйіңіздер! Шөбере сүйіңіздер! Шаңырақтарыңызда той болсын!» – деді әнші.

Ақбота Керімбекова анасының шөбере сүйгенін алға тартты. Әзіл-шынын араластырып, анасы Бибіажар Махамбетоваға бұрылып, шөбере бағуға әзірлігін сұрады. Өзінің немере бағудан қашып жатқанын да жасырмады.

Бибіажар Махамбетова да қазақстандықтарға шөбере сүю бақыты бұйырсын деп тілектестік білдірді.

Мұның алдында Ақбота Керімбекова «бала-шағасы Алматыға сыйдырмай қуды» деген қаңқу сөзге жауап берген болатын.