Бавария – ПСЖ: финал жолдамасы сарапқа салынатын ойынды қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

6-нан 7-мамырға қараған түні футболсүйер қауым тағы бір тарихи текетірестің куәсі болмақ. УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы екінші жартылай финалдық кездесуінде Мюнхеннің «Бавариясы» өз алаңында франциялық «Пари Сен-Жерменді» қабылдайды.

Бірінші матчтың нәтижесі

Екі алпауыттың Парижде өткен алғашқы кездесуі голдарға толы болды. 28 сәуір күні «Парк де Пренс» стадионында ПСЖ 5:4 есебімен жеңіске жетіп, аз да болса басымдыққа ие болды. Алайда, бір гол айырмашылығы «Бавария» үшін өз алаңында жағдайды түзеуге толық мүмкіндік береді.

Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл жұптың жеңімпазын финалда Лондонның «Арсеналы» күтіп тұр. «Зеңбірекшілер» жартылай финалда Мадридтің «Атлетикосын» (алғашқы ойын 1:1, қарымта матч 1:0) қапы қалдырып, шешуші кезеңге жолдама алып қойған еді.

Сондай-ақ оқыңыз