
Қазақстандық қыздар тобының эталонына айналған, еліміздің ең танымал жобасы «КешYOU» тобының сахнада жүргеніне биыл тура 20 жыл. Осы айтулы мерейтойға орай, 29 мамыр күні Алматы қаласының Орталық стадионында бұрын-соңды болмаған ауқымды мерейтойлық шоу өтеді.
Кештің басты ерекшелігі – сахнаға топтың әр жылдардағы аңызға айналған солистері қайта оралады. Тыңдармандар жиырма жыл бойы жүректен орын алған ең басты хит әндерді түпнұсқада орындаушылардың дауысымен қайта тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Билеттер Ticketon сайтында сатылымға шықты.
Еске сала кетейік, бұған дейін КешYou-дің «алтын құрамына» айналған Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденованың осы концертте бас қосатынын жазған едік. Ал Мөлдір Әуелбекова мерекелік концертке қатысудан бас тартқан еді.