«Қайсар» – «Қайрат» ойынын қайдан көруге болады

Бүгін, 6 мамырда, Қызылордада Қазақстан премьер-лигасының 20-туры аясындағы кездесуде жергілікті «Қайсар» мен турнир кестесінің көшбасшысы алматылық «Қайрат» кездеседі.
Ойынға барлық билеттер алдын ала сатылып кеткен (Sold Out), сондықтан «Қайсар Аренаның» трибуналары бүгін лық толы болмақ.
Ойынның тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Трансляцияны Qazsport және KFF League YouTube-арнасынан көруге болады.
Қазіргі таңда «Қайрат» 18 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Қайсар» 6 ұпаймен 13-орында болса да, өз алаңында кез келген қарсыласқа сес көрсете алатын команда.
Айта кетейік, әлемдік футболда Арсенал Чемпиондар лигасының финалына шыққаны туралы жазған едік. Бір қызығы биылғы маусымда «Арсеналдың» қақпасына бір голдан артық гол соққан жалғыз команда осы алматылық «Қайрат».