QazaqGaz газ құбырының құрылысы үшін 1 млрд доллар қарыз алды

Жарияланды 6 Мамыр 2026 14:25

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

QazaqGaz прогнозирует удвоение спроса на газ в Казахстане к 2030 году
qazaqgaz.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

QazaqGaz компаниясы 2030 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 1,5 млрд доллар болатын облигациялық бағдарламасын жариялады. Осы бағдарлама аясында компания алғашқы транш ретінде 1 млрд доллар қарыз алды. Бұл қаражат 1 жыл мерзімге, жылдық 5,5% сыйақы мөлшерлемесімен тартылып отыр.

Құжатқа сәйкес, тартылған қаржы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін (ББШ-2) салу жобасына жұмсалады.

Газ құбырының ұзындығы 1 452 шақырымды құрайды. Ал құрылысы 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны шамамен 1 млрд долларға бағаланып отыр.

Бұл жобаны «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd.» компаниясы жүзеге асырады. Кәсіпорын – қазақстандық «QazaqGaz» бен қатарлық «UCC Holding» компаниясының бірлескен жобасы.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (100% акциясына иелік етеді).

Айта кетейік былтыр QazaqGaz ұлттық компаниясы 218,0 млрд теңге салық төлеген

Сондай-ақ оқыңыз