«Қазмырыштағы» жарылысқа кінәлі деп танылған күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
«Қазмырыштағы» жарылысқа кінәлі деп танылған күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін
Күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін/фото: kursiv.media

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов «Қазмырыш» зауытындағы жарылысқа қатысты тергеу барысы қалай жүріп жатқанын айтты. Оның мәліметінше, апатқа себепкер болған тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу қалай жүріп жатыр?

Қазіргі уақытта апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы топ құрылған. Топ құрамы ең тәжірибелі мамандар бар.

«Біз істі Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеп жатырмыз. Бұл бап күдіктіні 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Бүгінде 10-нан астам сот сараптамасы тағайындалды», – деді Санжар Әділов.

Сонымен қатар Санжар Әділов апаттың негізгі болжамдарын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу тобы екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, өнеркәсіптік процестің бұзылуы, екіншіден, еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.

Күдіктілер анықталды ма?

Әзірге іс бойынша нақты күдікті жоқ.

«Қазір нақты күдіктілер жоқ. Тергеу енді ғана басталды. Біз сараптама қорытындыларын күтеміз. Жедел-тергеу тобын алда өте ауқымды жұмыс күтіп тұр», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Экология вице-министрі Жомарт Әлиев Өскемен қаласында ауа құрамына тексеріс жүргізіліп жатқанын айтқан еді. Қазгидрометтің соңғы мәліметтері бойынша, ауадағы зиянды заттардың шектен тыс мөлшері тіркелмеген.

Сондай-ақ оқыңыз