Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев вице-премьер қызметіне тағайындалды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Бірінші вице-премьер атанған шенеунік Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды. Сыр өңірін кім басқаратыны әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Роман Скляр бірінші вице-премьер қызметінен босатылып, президент әкімшілігінің басшысы атанған.
50 жастағы Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
2005 жылы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, ал 2007 жылы облыс әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 2013-2021 жылдар аралығында Қызылорда қаласының, облыстың әкімі қызметтерін атқарған. Бір жылдай премьер-министр кеңсесінде істеген Нәлібаев 2022 жылғы сәуіорден осы күнге дейін Қызылорда облысының әкімі болып келді.
«Құрмет», «Парасат» ордендеріне ие.