Swiss жолаушы ұшағы апатты жағдайда Алматыға қонды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Swiss International Air Lines әуе компаниясының ұшағы
Жолаушы ұшағы Алматыға кері бұрылуға мәжбүр болды / фото: shutterstock

6 мамырда күндіз Swiss International Air Lines әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда Алматы әуежайына қонды. Airbus Сеулден Цюрихке ұшып бара жатқан.

Flightradar24 порталының мәліметінше, жолаушы ұшағы сәрсенбі күні таңертең Астана уақытымен сағат 05:38-де Оңтүстік Корея астанасынан ұшып шыққан. Ал сағат 12:54-те Алматы халықаралық әуежайына қонған.

Airbus A350-941 ұшағы Алматыға қонды
Ұшақ Қарағанды облысы аспанында кері қарай бұрылған / фото: flightradar24 порталының картасынан скриншот

Ұшақ шамамен Қарағанды облысы аспанында ұшып бара жатқан уақытта кері бұрылуға мәжбүр болған. Порталда Airbus мәртебесі «Diverted to ALA» деп өзгертілген, яғни ұшақ Алматыға бағытталған.

Швейцариялық әуе компаниясына тиесілі лайнердің Қазақстанға қону себебі әзірге белгісіз. Swiss бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз