Жаңа «Әділет» партиясы бір күнде тексеруден өтті, бірақ әлі тіркелмеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: «Әділет» партиясының бастамашыл тобы

«Әділет» жаңа саяси партиясы әлі ресми түрде тіркелген жоқ. Мәжіліс кулуарында Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тек «Әділет» партиясы құрылу туралы растау алған, ал оның мүшелері съезд ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып жатыр.

«Съезд өткеннен кейін «Саяси партиялар туралы» заңға сәйкес барлық рәсімдерден өтіп, тіркеуге өтінім беру қажет болады», – деді ол.

Журналистер Мерсалимовадан «Әділет» партиясына рұқсат неге тез берілгенін сұрады. Оның айтуынша заңға сәйкес, Әділет министрлігі өтініш түскеннен кейін қатысушылар тізімін бір күн ішінде тексереді. Егер тізім талаптарға сай болса, тиісті рұқсат беріледі.

«Сәйкесінше, бұл тізім тексеріліп, олар растау алды», – деп толықтырды вице-министр.

Мерсалимова тізімдер арнайы жүйелер арқылы мұқият тексерілетінін атап өтті.

Лаура Мерсалимова қазіргі уақытта Қазақстанда растау алу үшін басқа партия өтініш бермегенін айтты.

«Бүгінгі таңда тек «Әділет» партиясы ғана растау алды», – деп түйіндеді Мерсалимова.

Еске салайық, 15 сәуірде құрылтай сайлауы қарсаңында бастамашыл топ жаңа саяси партия құратынын мәлімдеген.  «Әділет» деп аталатын саяси ұйым Әділетті Қазақстан құндылықтарын қорғауды көздейді. Партия ресми тіркелу процедураларын бастап кетті. Елдегі құрылтай сайлауы тамызда өтуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз