Қазақстанда электромобильдерге басқа түсті нөмірлер берілуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: CATL, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанда электромобильдерге арналған бөлек мемлекеттік нөмірлер енгізу жоспарланып отыр. Ішкі істер министрлігі ұсынысты аталған көліктерді камералар мен техникалық жүйе тез анықтауы үшін қолдап отыр.

Депутаттардың айтуынша, қазіргі уақытта камералар мен техникалық жүйелер электромобильдерді тез анықтай алмайды. Бұл ақылы тұрақтарда, қуаттау бекеттерінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіреберісте және көлік түрін бірден анықтау қажет болатын басқа да жерлерде қиындық туғызады.

Мәжілісте электромобильдерге басқа түсті мемлекеттік нөмірлер беру ұсынылды.

«Әлемдік тәжірибеде электромобильдер үшін көбіне жасыл түсті нөмірлер қолданылады. Біз бұл бастаманы қолдаймыз», – деді ІІМ вице-министрі Санжар Әділов.

Тиісті нормалар қабылданғаннан кейін Қазақстанда қосымша нормативтік-құқықтық актілер дайындалып, енгізу тәртібі бекітіледі.

Сондай-ақ Санжар Әділов  Қазақстанда жалған мемлекеттік нөмір үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз