8 мамырда ауа-райы бұзылады – дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: Pexels/Erik Witsoe, бильд-редактор: Аружан Махсотова
фото: Pexels/Erik Witsoe, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Синоптиктер Қазақстанның барлық өңірінде қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.

2026 жылғы 8 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады.

Астанада жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-18 м/с дейін күшейеді.

Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей жерлерде қатты жаңбыр мен дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында шаңды дауыл соғып, жоғары өрт қаупі сақталады. Кей өңірлерде найзағайлы жаңбыр күтіледі.

Алматы және Жетісу облыстарында аптап ыстық 35-36 градусқа дейін жетеді. Таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай болады. Өрт қаупі өте жоғары.

Атырау мен Маңғыстау облыстарында жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай болады.

Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Айта кететін жайт, «Қазгидромет» синоптиктері Астана және Көкшетау тұрғындарына ауаның қатты ластанатынын ескерткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз