Қытайда екі бірдей бұрынғы қорғаныс министрлері өлім жазасына кесілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
экс-министры Китая
Фото: t.me/Ateobreaking

Қытайда бұрынғы екі қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу өлім жазасына кесілді.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, әскери сот оларды жемқорлыққа, яғни пара алу және пара беруге кінәлі деп таныған.

Екеуі де бұған дейін Қытай Халық Республикасының Орталық әскери кеңесінің мүшесі болған. Мемлекеттік кеңесші мәртебесіне ие болып, елдің қорғаныс министрлігін басқарған.

Сот оларға бірдей жаза тағайындады. Олар үкімді орындауды екі жылға кейінге қалдыра отырып өлім жазасына кесілген. Өмір бойына саяси құқықтарынан айырылып, барлық мүлкі тәркіленеді.

Қытай заңнамасына сәйкес, мұндай үкім әрдайым бірден орындала бермейді. Егер сотталған адам екі жыл ішінде түрмеде жаңа қылмыс жасамаса, өлім жазасы шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Кейбір жағдайларда кейінірек бұл жаза 25 жылға дейінгі түрме мерзіміне жеңілдетілуі мүмкін.

Мұның алдында Қазақстанға кірген қытай компаниясының бұрынғы басшысы шартты өлім жазасына кесілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз