Lifestyle

Әнші Ерболат Құдайберген жаңа әйелін көрсетті

фото: скрин

Танымал әнші Ерболат Құдайберген үйленді. Бұл туралы оның жары Зәуре Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншілеген хабар таратты.

Желіде жарияланған видеода жұптың қолында неке қию туралы куәлік ұстап тұрғаны көрінеді. Жазбаның астында:

«Біз бүгін ресми түрде ерлі-зайыпты атандық» деген жазу қалдырылған.

Жаңалық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандардың пікірі сан алуан.

Көптеген тыңдарман жұпқа бақыт тілеп, «Махаббаттарыңыз баянды болсын!», «Бақытты болыңыздар!» деген ізгі тілектерін жаудырып жатса. Енді бірі желіде әншінің өткен өмірі мен бұрынғы отбасы туралы сұрақтарды қойып жатыр.

«Нешінші әйелі?», «Бұл кісінің отбасы бар емес пе еді?» – деп таңданыс білдіріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерболат Құдайбергеннің наркологиялық орталық алдында тұрған видеосы тарап, әнші 15 күн дәрігерлер бақылауында болған еді.