Lifestyle

Динара Сәтжан Баян Алагөзованы дауға қалдырған қамзолдың тылсым құпиясын ашты

Фото: Instagram
Фото: Instagram

Белгілі журналист Динара Сәтжан жақын құрбысы Баян Алагөзованы дауға қалдырған «Қыз Жібектің» қамзолына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды.

«Бәрінің өз мәні бар. «Қыз Жібек» қамзолы Баян үшін жай ғана сыйлық болған жоқ. Ол – белгі еді. Отыз жыл бойы қамзол оны сақтап келген әйелдің үйінде тыныш жатты. Бәлкім, Баян болмаса, өткеннің үнсіз куәсі болып қала берер ме еді… Баян әдеттегідей аңызға айналған дүниені instagram-парақшасында ашық көрсетті», – деді Динара Сәтжан.

Сәтжанның пікірінше, қамзол Баянға аңызға айналған актрисаның өмірін өзгерту үшін жолыққан.

«Меруерт Өтекешеваның жалдамалы пәтерде тұратынын ешкім білмеді. Бұл туралы әріптестері де, құрбылары да айтпаған. Бүгінде ол 75 жаста. Бүкіл өмірін театрға, өнерге арнады. Бірақ өнер әрдайым материалдық қайтарым жасай бермейді. Баян тек қамзолды қайтарған жоқ, ол Меруерт ханымға жайлылық сыйлады. Алматыдан пәтер, ай сайынғы зейнетақы. Ең қызығы – екеуі де Оралдан. Кездейсоқтық емес. Тек керек сәтте тоғысатын тағдыр жолдары бар. Меруерт ханым ешқашан көмек сұрамас еді. Қамзол өз міндетін орындады! Мақтан тұтамын!» – деді Динара Сәтжан.

Айта кететін жайт, белгілі продюсер Баян Алагөзова осыған дейін өзі сыйлыққа алған «Қыз Жібектің» қамзолын Меруерт Өтекешоваға қайтарды.