«Есірткі ұсынды»: Алматыда ер адам 15 жастағы қызға тиіскен

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
насилие
Ер адамның жеке басы анықталды/фото: shutterstock

Алматыда 15 жастағы қызға тиіскен ер адам анықталды. Оқиға туралы Threads желісінде айтылды. Қыздың анасы жазба жариялап, Сайран маңында қызына бейтаныс ер адамның есірткі ұсынып, өзімен бірге жүруге шақырғанын жазды.

Сөзінше, ер адам жасөспірім қызға комплимент айтып, бірге баруға көндірмек болған.

Алматы полициясының хабарлауынша, Алмалы ауданы полициясы қылмыстық іс қозғады. Ер адамның жеке басы анықталды. Оны ұстауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Содан кейін ер адамның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 7 жастағы оқушы қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен мұғалім ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз