Мереке күндері күн суытып, ауа райы бұзылады

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
погода
Күн суытып, ауа райы бұзылады / unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген өңірде ауа райы құбылмалы болады. Қазгидромет жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деген болжам жасады. 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамырда шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауылдар болуы ықтимал, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін үсік болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы республиканың батысында +13…+28°, солтүстік-батысында +10…+18°, солтүстігінде +5…+13°, орталығында және шығысында +8…+18°, оңтүстігінде +17…+26°, оңтүстік-шығысында +15…+22°, таулы аймақтарда +8…+13° жылы болады.

Сондай-ақ оқыңыз