Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында Францияны жеңді

Қазақстан құрамасы Бірінші дивизиондағы хоккейден әлем чемпионатының қорытынды матчында Франциямен ойнады.
Талғат Жайлауов мынадай құрамды шығарды: Шутов (Нурек) – Никитин-Бреус, Симонов-Логвин-Ляпунов; Михайлов-Данияр, Старченко-Шестаков-Муратов; Гайтамиров-Хорошев, Савицкий-Өмірбеков-Ғатиятов; Оразов, Әсетов-Шайхмедденов-Қайыржан.
Алғашқы екі кезеңде соғылған шайба болған жоқ, үшінші кезеңде есепті француздар ашты, бірақ кейін Дмитрий Бреус (51-минут) есепті теңестірді. Ойын овертайм мен буллит сериясына ұласып, онда қазақстандықтар мықтылық танытты – 2:1.
Бұған дейін Қазақстан Литваны (4:1), Жапонияны (6:0), Польшаны (3:2) және Украинаны (5:4 Б) жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші орын мен әлемдік хоккейдің элитасына жолдаманы қамтамасыз еткен болатын.