
2026 жылғы тамызда өтетін құрылтай сайлауына мемлекет бюжетінен қанша қаржы бөлінетіні әзірге белгісіз. Бұл туралы Орталық сайлау комиссясының (ОСК) хатшысы Шавхат Өтемісов үкімет кулуарында мәлімдеді.
«Қазір нақты цифрларды айтуға негіз жоқ. Өйткені алдымен Құрылтай өтетін күн нақтылануы қажет. Соған сәйкес дайындыққа кететін уақыт анықталып, сайлау комиссиясы мүшелері қанша күн жұмыс істейтіні соған байланысты болады. Сәйкесінше олар алатын жалақы мөлшері белгіленеді. Сайлауға жұмсалатын қаржының басым бөлігі сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысына кетеді», – деді ол.
Өтемісов ел бойынша 70 мыңнан аса ОСК мүшесі бар екенін айтады. Бұл ретте хатшы Құрылтай сайлауы референдумнан қымбатқа түседі деп тұжырымдайды.
2026 шілдеде қазіргі парламент жұмысы тоқтайды. Ал бірінші қыркүйектен бастап құрылтай жұмысын бастауы керек.
Биылғы саяси дода – 2021 жылдан бері өткізіліп жатқан үшінші сайлау. Бұған дейін парламент сайлауы 2021 жылдың қаңтарында және 2023 жылғы наурызда ұйымдастырылған.