Саяси партиялар бір мандатты депутаттарға таласуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
Ходжаназаров партиясның жоспарын бөлісті /фото: Асқар Ахметуллин

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров жаңа партия құрылғанына қатысты ойын айтты. Сөзінше, «Құрылтайда» жаңа партия мүшелеріне жететіндей орын бар.

«Әр партия сайлауға барар алдында қауқарын көрсетіп, санын көбейтіп, ықпалын нығайтуға тырысады. Бізде де сондай жоспар бар», – дейді Ходжаназаров.

Айтуынша, «Әділет» партиясы құрылғанымен, Respublica партиясы әлсіреп қалмайды.

«Бір мандатты депутаттар кетуімен және Сенаттың жойылуымен «Құрылтайға» 70  орын қосылады. Бұған бір емес, бірнеше партия сыйып кетеді.

Бізбен көзқарасы сәйкес келетін бір мандатты депутаттармен сөйлесіп жатырмыз, бірақ нақты ешкімді шақырмадық», – дейді депутат.

Айдарбек Ходжаназаровқа «саяси партиялар бір мандатты депутаттарға таласқалы жатыр ма?» деген сұрақ қойылды. Депутат «ол да мүмкін» деп, жоққа шығармады.

Айта кетейік, жаңа бірпалаталы парламент «Құрылтай» деп аталады. Құрылтайдың құрамы 145 депутаттан тұрады, пропорционалдық жүйе бойынша сайланады және  олардың өкілдік мерзімі 5 жыл болады.

Сондай-ақ Президенттік квота мен Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған квота болмайды.

Сондай-ақ оқыңыз