Теңгенің нығаюынан бюджетке қосымша қанша қаржы түсті

Жарияланды
SMM бөлімінің редакторы
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің ұлттық валютаның нығаюы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етіп жатқанын айтты.

Жұманғариннің дерегінде, теңгенің нағаюы мемлекет қазынасына түсетін кіріске оң әсер еткен. 2026 жылғы бюджет жоспарына сәйкес 1 доллар 540 теңгені құрайды деп жоспарланған.

Алайда әлемдегі геосаясаи жағдай мен Таяу Шығыстағы соғыс доллар бағамына әсер етіп, теңге бірнеше ай қатарынан нығайып келеді.

Серік Жұманғариннің айтуынша, долларды 510 теңгеден есептеген кезде, бюджеттің шығыны 500 млрд теңгеден асады.

Сәуірде Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 455 теңгеге дейін төмендеп кетті. Одан қайтадан көтеріліп, 8 мамырда 460 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз