Дархан Сатыбалды алматылықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Жарияланды
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды / фото: Almaty TV

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай ауқымды еске алу және мерекелік іс-шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен ата-бабалар рухына тағзым етіп, бейбіт күннің мәнін ұлықтады.

Мерекенің негізгі шарасы дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ұйымдастырылды. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсім барысында жиналған қауым майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

фото: Almaty TV

Саябақ ішінде мерекелік атмосфера орнап, тұрғындарға «дала асханасынан» дәм ұсынылды. Сонымен қатар, қазақстандық танымал артистердің қатысуымен өткен мерекелік концерт кештің сәнін келтіріп, патриоттық әндер шырқалды.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындары мен қонақтарын жеңіс күнімен құттықтады

«Қадірлі алматылықтар!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтаймын! 9 мамыр – Отан үшін жан аямай шайқасқан қаһармандардың ерлігіне тағзым ететін қасиетті күн. Ардагерлердің өнегелі өмір жолы – біз үшін қайсарлық пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі. Олардың өшпес ерлігін ұлықтау – ортақ міндетіміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және бейбіт аспан тілеймін. Жеңіс күні құтты болсын!»- деді қала әкімі

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады

Сондай-ақ оқыңыз