Мұнай қымбаттаған уақытта Saudi Aramco 33 млрд доллар табыс тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Saudi Aramco компаниясының табысы еселеп артты
Ирандағы соғыс арабтарды байытты / фото: shutterstock

Мұнай бағасы көтерілген уақытта Saudi Aramco компаниясының кірісі еселеп артты. Сауд Арабиясындағы алып корпорация 2026 жылдың алғашқы үш айында 33,6 млрд доллар табыс тапқан.

11 мамырда Saudi Aramco алғашқы тоқсанның есебін жариялады. Компания табысы мұнай қымбаттаған уақытта 26%-ға өскен. Үш айдағы 33,6 млрд доллар бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,6 млрд долларға көп. Түсім шамамен 7%-ға көтеріліп, 115,5 млрд доллар болған.

Aramco мәліметінше, Ирандағы соғыстың он аптасында әлем 1 млрд баррель мұнайдан айрылды. Дегенмен араб компаниясы шикізатты балама бағыттармен экспорттау арқылы өндірісті арттыра алды. Бұған қоса ел ішіндегі, шетелдегі мұнай сақтайтын қорларының жеткіліктілігі де сеп болды.

Aramco-ның басты акционері – Сауд Арабиясы үкіметі. Бұл ел ішкі шығындарды өтеу үшін осы компанияның табысына тәуелді. Сондықтан алып корпорацияның бүгінгі есебі арабтар үшін жағымды жаңалыққа балауға болады.

Бір ай бұрын Халықаралық валюта қоры Сауда Арабиясы экономикасының өсімі 2026 жылы 3,1%-ға дейін төмендейді деп болжаған.

Сондай-ақ оқыңыз