14 мамыр күні Алматыда дабыл қағылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жер сілкінісі қаупін ескертетін дабыл құрылғысы / фото: shutterstock
Жер сілкінісі қаупін ескертетін дабыл құрылғысы / фото: shutterstock

14 мамыр күні сағат 11:00-де Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді. Бұл іс-шара кезінде қала бойынша дабыл жүйелері іске қосылып, тұрғындарға мобильді қосымша арқылы арнайы хабарламалар жіберілетін болады. «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабылды естіген бойда әрбір азамат дереу теледидар немесе радионы қосып, ресми интернет-ресурстардағы нұсқаулықтармен танысуы тиіс.

Төтенше жағдайға дайындық мақсатында әр үй иесіне алдын ала «дабыл сөмкесін» әзірлеп қою және ғимараттар мен электр желілерінен алыс орналасқан қауіпсіз ашық алаңға баратын бағытты нақтылап алу ұсынылады.

Қала аумағында халықты қабылдауға арналған арнайы 384 пункт ұйымдастырылған. Бұл пункттердің нақты мекенжайын 2GIS сервисіндегі арнайы сұраныс арқылы немесе Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігінің ресми сайттарынан білуге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі жер сілкінісіне қарсы Жапонияның тәжірибесін енгізетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз