«Қазақтелеком» 2025 жылы 147 млрд теңге таза пайда тапқан

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Қазақтелеком  147 млрд теңге табыс тапты
«Қазақтелеком» 147 млрд теңге табыс тапты/ фото: Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» операторының таза пайдасы шамамен екі есе өсіп, 147 млрд теңгені құрады.

KASE биржасындағы деректерге сәйкес, көрсеткіштің өсуіне түсімнің 17,7%-ға, яғни 568,2 млрд теңгеге дейін ұлғаюы себеп болды. Сонымен қатар негізгі қызметінен түскен пайдасы (операциялық табысы) 1,5 есе артып, 94,5 млрд теңгеге дейін көтерілді.

«Қазақтелеком» активтері өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға азайып, 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл айналымдағы активтер сомасының үш еседен астам, яғни 247,2 млрд теңгеге дейін қысқаруына байланысты.

Міндеттемелер 14,5%-ға төмендеп, 673,5 млрд теңге болды. Көрсеткіштің өзгеруіне қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік субсидиялар, сондай-ақ қарыздар көлемінің өсуі әсер етті.

Меншікті капитал 731,1 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың қорытындысынан 14,5%-ға аз. Бөлінбеген пайда 17,1%-ға қысқарып, 622,3 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы телеком-оператор «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ін (Tele2 және Altel брендтері) катарлық Power International Holding (PIH) компаниясына 1,1 млрд долларға сатқан еді.

Бұған дейін «Қазақтелеком» акционерлеріне 7,6 млн доллар, яғни 3,53 млрд теңге дивиденд төлейтінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз