2026 жылдың төрт айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,6%-ға өсті

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
2026 жылдың төрт айында Қазақстанның ЖІӨ-сі 3,6%-ға өсті
2026 жылдың төрт айында Қазақстанның ЖІӨ-сі 3,6%-ға өсті/ фото: kursiv.media

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсімі 3,6%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда, экономикалық өсу динамикасы айтарлықтай жақсарды. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 3% болған.

Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң аймаққа шықты. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады, ал бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 99,9%-ға дейін төмендеу тіркелген.

«Өнеркәсіптің қайта қалпына келуінің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс көлемі 9,9%-ға ұлғайды. Ал қаңтар-наурызда 8,5% болған», деп түсіндірді Экономика министрлігі.

Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электротауарлар мен жабдықтарды шығару көлемінің артуынан машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны сақталып тұр (23,3%-ға өсу).

Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімдері 2,3 есе, жиһаз өндірісі 41,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер 35,2%-ға, құрылыс материалдары 27,7%-ға, химия өнеркәсібі 18,4%-ға, тамақ өнімдері 14,4%-ға артқан.

Жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң динамикасы базалық секторлардағы тұрақты өсіммен қамтамасыз етілді.

Келесі салаларда ең жоғары өсу қарқыны тіркелді:

  • құрылыс 114,5%;
  • көлік және қоймалау 112%;
  • өңдеу 109,9%;
  • сауда 105,1%;
  • ауыл шаруашылығы 103,6%.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы нақты мәнде 6,5%-ға өсті, ал ЖІӨ-нің жалпы көлемі 159,5 триллион теңгеден асты.

Сондай-ақ оқыңыз