Абай облысында әскери жаттығу кезінде арнайы шектеулер болады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Абай облысында әскери жаттығу кезінде арнайы шектеулер болады / Фото: Shutterstock

12-15 мамыр аралығында Абай облысының үш ауданында «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық жаттығулары өтеді, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Жаттығулар Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының аумағында жоспарланған. Оларды Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары өткізеді.

Іс-шаралардың мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлердің жолын кесуге дайындығын тексеру. Жаттығулар кезінде іс-шаралар өткізілетін аудандарда және жекелеген нысандардың айналасында шектеу шаралары қарастырылған.

Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы азаматтардан сабырлық сақтауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, жалған мәліметтер таратпауды және жаттығуларға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұрады.

Айта кетейік сәуір айында Алматыда «Сұңқар» трамплинінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз