Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: ITTF

Лондонда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын Қазақстанға салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл Астана 2027 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын ресми қожайын мәртебесіне ие болғанын білдіреді.

2027 жылы өтетін дода бүкіл Орталық Азия аймағы үшін тарихи оқиға болмақ. Бұған дейін өңірде үстел теннисінен мұндай ауқымдағы жарыс ешқашан өтпеген.

Болжам бойынша, Астанадағы Әлем чемпионатына 1250-ге жуық ресми қатысушы келеді. Сонымен қатар, елордаға мыңдаған шетелдік жанкүйер мен қонақ келеді деп күтілуде. Бұл елдің туристік әлеуетін арттырып, спорттық имиджін нығайтуға үлкен септігін тигізбек.

«Әлем чемпионатын Астанада өткізу – Қазақстандағы үстел теннисінің қарқынды дамуы мен өсуінің айқын дәлелі. Бұл тек жоғары деңгейдегі турнир өткізу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар елдің халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайту болып табылады,» – деп атап өтті ITTF өкілдері.

Ұйымдастырушылар Астана әлемдік деңгейдегі үстел теннисі үшін лайықты алаң болып, жоғары стандарттарға сай қызмет көрсететініне сенімді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Лондонда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет 1/8 финалына шығып, Жапонияға есе жіберген еді.

Сондай-ақ оқыңыз