Иран Ормуз бұғазының түбіндегі интернет-кабельдері үшін ақы алмақ

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Иран
Иран Ормуз бұғазының түбіндегі интернет-кабельдері үшін ақы алмақ / Фото: Shutterstock

Бірнеше аптадан бері Иран әлемдегі ең маңызды сауда бағытын бұғаттап отыр, қазір Ормуз бұғазы арқылы санаулы ғана танкерлер өтуде. Енді Тегеран бұғаз түбіне төселген оптикалық-талшықты кабельдерді пайдаланғаны үшін де ақы алғысы келеді, деп хабарлайды BILD.

Сөз күніне он миллиард долларлық қаржылық транзакциялар туралы ақпарат өтетін үш маңызды деректер желісі туралы болып отыр. Тегеран баж салығы есебінен мұнай экспортынан келетін шығындарды өтеуді көздейді, бұл шығын күніне 220 миллион долларға дейін жетеді. Мұндай шығындар АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ирандық порттарды қоршауға алуы салдарынан туындаған.

«Ирандық БАҚ-тар Иран кабельдерді пайдаланатын шетелдік компанияларды жыл сайынғы лицензиялық алымдарды төлеуге міндеттей алатынын түсіндіруде. Моллалар режимінің жоспары бойынша, бұл қадамның тек экономикалық қана емес, саяси салдары да болуы тиіс: Meta, Amazon немесе Microsoft сияқты америкалық технологиялық алпауыттар Ормуз арқылы өтетін кабельдерді пайдаланған кезде аймақта «ирандық құқық бойынша», соның ішінде цензураны ескере отырып жұмыс істеуге мәжбүр болады», делінген жарияланымда.

Айта кетейік, осыған дейін Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізу үшін өз талаптарын қойғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз