LRT қашан іске қосылады
Жарияланды

Астанада LRT мамырдың ортасында іске қосылады. Бұл туралы CTS басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев айтты, деп хабарлайды KursivMedia.
City Transportation Systems компаниясы елордада БАҚ өкілдеріне жеңіл рельсті көлікті таныстырып жатыр. Соның барысында Дүйсебаев «LRT осы аптада іске қосылады» деп айтты.
Бұған дейін жеңіл рельсті көліктің таңғы 06:00-ден бастап, түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейтіні айтылды.
Жол ақысын төлеу жолдарын мына жерден біле аласыз.