Құлсарыда сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері қаза тапты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ҚазТрансОйл
Құлсарыда сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері қаза тапты / Фото: kaztransoil.kz

Атырау облысы Құлсары қаласындағы сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» компаниясының қызметкері қаза тапты, деп хабарлады «Ақжайық«.

Ақпаратқа сүйенсек, қызметкердің қайтыс болғаны туралы мәліметті компания өкілдері растаған. Басылымның сауалына компанияның еңбекті қорғау, қоршаған орта және төтенше жағдайлар департаментінің директоры А. Қабылов жауап берген.

Компания қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады.

«Аталған оқиға фактісін растаймыз. Компания қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетуде. Тергеу аяқталғанға дейін осы жазатайым оқиға бойынша толық ақпарат жария етілмейді», ө делінген жауапта.

Айта кетейік, компания қаза тапқан азаматқа қатысты мәліметтерді нақты жария етпеген.

Сондай-ақ оқыңыз