Lifestyle

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқановамен қайта қосылды ма

Фото: Instagram
Фото: Instagram

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бірінші жұбайы Мөлдір Мұқановамен қайта қосылды деген әңгіме айтыла бастады.

Бір қарағанда, жел сөз емес екені байқалады. Әлеуметтік желіде екінші әйелі Айман Талғатқызының парақшасы көрінбей қалған. Есесіне Қабатов Мөлдірмен түскен фотоларын қайта жариялай бастаған.

Фото: Threads
Фото: Threads

«Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын инстасына шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Айман әпшеміз инстадан жоқ болды. Ол да екеуі түскен суреттерін алып тастағанын байқаған едім. Не болды екен?», – деп сауал тастады Threads қолданушысы Назима.

Оқырмандардың бірі Тұрсынбек Қабатовтың Мөлдір Мұқановамен «қайта қосылғандарына қуанып, Айманның араға түскенін» айтып жатыр. Екіншілері «Мөлдір қайта қабылдай ма екен?» деп күмәнмен қараған.

Айта кететін жайт,  Тұрсынбек Қабатов Өскеменде өткен тойда үйленіп жатқан жастарға тілек айтып отырып, өз айыбын мойындаған еді.